Шымкентте жер үй өртеніп, ер адам қаза тапты

Оқиғаның себептері анықталуда.

Шымкентте жер үй өртеніп, ер адам қаза тапты
otyrar.kz
904

Қайғылы оқиға 14 желтоқсан күні Қызылжар шағынауданында болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, үйдегі өрт салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан 1994 жылы туған ер адам қаза тапқан.

Оқиғаның себептері анықталуда. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтың электр тұрақтандырғышының немесе жылыту қазандығы жанындағы сымның өртенуі, содан кейін жылыту құрылғысының еруі газдың сыртқа жайылуына және кейіннен жарылысқа әкеп соқтырған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары