Нұржан Қалжан «Бұлбұл құс» әніне қатысты дауға нүкте қойылғанын айтты

Ол Қытайдағы авторына шыққаннан кейін мәселенің шешілгенін атап өтті.

Нұржан Қалжан «Бұлбұл құс» әніне қатысты дауға нүкте қойылғанын айтты
ашық дереккөз
1240

Әнші Нұржан Қалжан бірнеше ай бұрын «Бұлбұл құс» әнін Ninety one тобының солисіне айтуға келісім бергені үшін басы дауға қалған болатын.  Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында берген сұхбатында даудың немен аяқталғанын айтып берді.

«Әніңізді беріпсіз» деген әңгіме болды. Кез келген әңгімеде «Осы әнің ұнайды немесе осы өлеңіңді айтшы» дейді ғой. Мен де сол оймен, жауап бере салдым. «Бұлбұл құс» деген әнімді сұрады. Мен енді орындаушы ретінде рұқсатымды бердім. Ал автордан өздері сұрауы міндетті еді ғой. Сол айтқанымды шулатып жіберген.

«Менің «Бұлбұл құс» деген әнім» деп айтқан жерді видеода жылдамдатып, бірнеше рет қойған. Содан «Сенің әнің емес. Екіншіден, сен рұқсат беретін автор емессің. Сотқа береміз» деп шықты. Авторы продюсеріне құқық беріп қойған екен. Содан Қытайға авторына шықтық. Дауласып, сосын барып шешілді. Қол алысып, достастық», - деді Нұржан Қалжан.

 

Серіктес жаңалықтары