Самат Смақов «Астана» футбол клубында лауазымды қызметке тағайындалды

Оған дейін ол «Елімай» командасының бас бапкері қызметін атқарған.

Самат Смақов «Астана» футбол клубында лауазымды қызметке тағайындалды
instagram/fca.astana
723

Белгілі қазақстандық футболшы Самат Смақов «Астана» футбол клубының техникалық директоры қызметін атқармақ, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Самат Смақов аяқдопшы ретінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, танымалдыққа ие болды, кейін «Ақтөбе» футбол клубында Бас директор қызметін атқарып, «Елімай» командасын бас бапкері ретінде премьер-лигаға шығарды.

Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында, алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді.

Техникалық директордың міндеттеріне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі кіреді», – делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары