Алматыда жанып жатқан үйден бес адам құтқарылды

Өрт 03:24-те оқшауланды.

Алматыда жанып жатқан үйден бес адам құтқарылды
inbusiness.kz
783

Алматыда жанып жатқан үйден бес адамнан тұратын отбасы құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 желтоқсан, сағат 03:03-те бөлімше пультіне Наурызбай ауданы, Таусамалы шағынауданы, Сәдуақасұлы көшесі, 125-үй мекенжайынан шыққан өрт туралы хабарлама түскен.

«Ер адам, әйел, жігіт пен екі қыз құтқарылды. Өрт 03:24-те оқшауланды, 3:40-та толығымен жойылды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары