Президент отандық компаниялардың өнімдері қойылған көрмемен танысты

Президент «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі аясында көрмемен танысты.

Президент отандық компаниялардың өнімдері қойылған көрмемен танысты
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компаниялардың өнімдері қойылған көрмемен танысты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасымен, сондай-ақ «Global Safety», «CleanField Kazakhstan», «Borusan Cat», «Med 365» және тағы да басқа отандық компаниялардың өнімдері қойылған көрмемен танысты.