Биржада доллар бағасы күрт төмендеді

/
Биржада доллар бағасы күрт төмендеді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,14 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,6 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 7 қазанға белгілеген доллардың ресми бағамы 453,65 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,46 теңге, ал сатудың орташа бағамы 449,62 теңге болып отыр.

Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 445 теңгеден сатып алып, 452 теңгеден сатып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,2 теңгеден сатып алып, 449,25 теңгеден сатуда.

Еске салайық, 28 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,23 теңгеге төмендеді. 29 қыркүйекте 1,83 теңгеге төмендесе, 30 қыркүйекте 1,59 теңгеге өсті. 1 қазанда 1,42 теңгеге, 2 қазанда 5,47 теңгеге, 5 қазанда 6,62 теңгеге өсті. Ал 6 қазанда доллар бағамы 1,71 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары