«Артық тамақтанбау керек»: 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру сырын ашты

/
«Артық тамақтанбау керек»: 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру сырын ашты
Видеодан скриншот

АҚШ-тың Орегон штатындағы ең қарт ер адам Берил Диллман 108 жасқа толды. Ол ұзақ өмір сүруінің құпиясымен бөлісіп, дұрыс тамақтану мен өмірге оң көзқарастың маңызын атап өтті. Бұл туралы Good News Network басымы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарияның туған күні Юджин қаласындағы Merrill Gardens қарттар үйінде аталып өтті. Мерекеге оның туыстары мен жақындары жиналды. Сондай-ақ Берил Диллман жаңа туған шөбересі Беллами Стерджеспен кездесті. Қазіргі уақытта оның 19 шөбересі бар.

Жасы 108-ге келген қария жүру үшін арнайы құрылғыны пайдаланғанымен, ойлау қабілеті жақсы сақталған. Сонымен қатар ол әнді де тамаша орындайды.

Берил Диллман ұзақ өмір сүруінің басты себептерінің бірі ретінде тамақтану тәртібін атады. Оның айтуынша, ол үнемі жейтін тағамына мән беріп, алкогольден толықтай бас тартқан. Сондай-ақ қария артық тамақтанбауға, айтқан сөздері мен жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға кеңес берді.

Ал туыстары оның ұзақ жасауының сыры өмірге деген құштарлығында деп санайды. Қарияның 72 жастағы қызы Рут Стерджестің сөзінше, әкесі әрдайым айналасына сүйіспеншілік танытып, өмірдің қиындықтарына шағымданудың орнына оларды шешуге тырысады.

Жақындарының айтуынша, Берил Диллманның өмірге деген оң көзқарасы мен сабырлы мінезі оның басты ерекшеліктерінің бірі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар