Үкімет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» лауреаттарын марапаттады

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымындағы үш компанияға сыйлық табысталды.

Үкімет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» лауреаттарын марапаттады
Akorda.kz

Бүгін елордада Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Алтын сапа» және «Парыз» лауреаттарын марапаттады, деп хабарлады Turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымындағы үш компанияға сыйлықты табыстады.

Осы номинацияда «КазАзот» АҚ (Маңғыстау облысы), «МедиДез» ЖШС (Қостанай облысы), «Med365» компаниясы (Алматы) жүлдегер атанды. 

Мұнымен қоса Премьер-министр «ПАРЫЗ» байқауы аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер арасында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығын иеленген Павлодар облысындағы «Галицкое» компаниясын марапаттады. 

Ал ірі кәсіпкерлік субъектілері санатында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» бойынша «Қазмырыш» компаниясы «Парыз» байқауының арнайы жүлдесін алды.