Елімізде етті ең көп тұтынатын өңірлер белгілі болды
Өңірлер бойынша нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады.
Қазақстанда ет өнімдерін көп тұтынатын өңірлер белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну кестесін жариялады. Үй шаруашылығының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындардың ең көп бөлігі ет пен ет өнімдеріне – 17%, нан мен жарма өнімдеріне – 7,8%, сүт өнімдеріне 5,4% жұмсалады.
Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары көрсеткіші Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалған.
Өңірлер бойынша нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады – жан басына шаққанда 44,1 кг (тоқсанына), ең азы – Астана тұрғындарында, жан басына шаққанда 23,6 кг. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтар ет және ет өнімдерін – 0,7келіге, сүт және сүт өнімдерін 1,2 келіге көбірек тұтынған.