Балқаш қаласында барлық үйге жылу берілді

Құбырдың жарылуын жою жұмыстары 10 желтоқсанда таңғы 5.00-де аяқталды

Балқаш қаласында барлық үйге жылу берілді
Ашық дереккөз

Балқашта екі жылу магистраліндегі апат жойылып, барлық үйге жылу берілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Еске салсақ, Балқашта кеше, 9 желтоқсанда диаметрі 420 және 630 мм құбырлардың жарылуына байланысты жылу параметрлері төмендеді. 

Қала әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнына 25 адамнан құралған жеке құрам және 10 бірлік техникадан тұратын коммуналдық кәсіпорындар бригадалары жұмылдырылған. Құбырдың жарылуын жою жұмыстары 9 желтоқсанда сағат 14.00-де басталып, 10 желтоқсанда таңғы 5.00-де аяқталды.