Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді

10 желтоқсанда сағат 01.10 шамасында Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымдануы анықталған

Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді
Ашық дереккөз

Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді, деп хабарлады turkystan.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Түнде су жылыту қазандықтарының сорғысы істен шыққан еді. Энергетиктер мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының күшімен қазандықтағы суды сору жұмыстары толық аяқталды.

Алдағы сағаттарда багерлік сорғы іске қосылып, су жылыту қазандықтары толық іске қосылады, деп хабарлады жауапты мамандар. Техникалық ақау станцияның жұмысына әсер етпеген. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр.