Ақтөбеде жоғалып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды

Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен

Ақтөбеде жоғалып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
8989

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды тапты.

"Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.

Серіктес жаңалықтары