Семейде жолаушылар отырған автобус өртеніп кетті

Семейде автобус отқа оранды

Семейде жолаушылар отырған автобус өртеніп кетті
Абай облысының ТЖД
1529

Семей қаласында жолаушылар толы қоғамдық автобус жолда жүріп келе жатып өртеніп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

8 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында өрт сөндіру қызметіне "Шығыс сол жақ" саяжай алабындағы "6 саяжай" аялдамасында өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт №56 жолаушылар автобусын да шарпып өткен. Оқиға орнына келгеннен кейін өрт сөндірушілер 2011 жылы шығарылған қытайлық Antong маркалы автобустың өртеніп кеткенін анықтады. Өрт 3 шаршы метр аумақты қамтып, көліктің қозғалтқыш бөлігіне, бақылау тақтасына және жүргізуші орындығына жайылған.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар жанып жатқан автобустан өздері сәтті эвакуацияланғаны белгілі болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілердің үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде өрт 10 минуттан кейін оқшауланып, оны толығымен жою үшін 25 минут қажет болды.

Серіктес жаңалықтары