Оқушылар қысқы демалысқа қашан шығады?

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.

Оқушылар қысқы демалысқа қашан шығады?
Фото: Астана қаласы білім басқармасы

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қысқы каникул 29 желтоқсанда басталатынын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталады, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады», – делінген хабарламада.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері аралығында қосымша бір апталық демалыс беріледі. Оқу жылы биыл 25 мамырда аяқталады.