сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Қолайсыз ауа райына байланысты қандай жол учаскелері жабылды?

/
ҚР ТЖМ
Қолайсыз ауа райына байланысты кейбір жол учаскелері жабылды.

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ қолайсыз ауа райына байланысты қандай жол учаскелері жабылатынын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

8 желтоқсанда сағат 18:30-дан бастап қатты аяз мен сынап бағанының күрт төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдың екі учаскесінде қоғамдық және дизель көліктері үшін қозғалысқа тыйым салынады:

  • «Қалқаман - Баянауыл - Үміткер-Ботақара» тас жолы (231-324 км, Павлодар облысының шекарасы - Ботақара елдімекені);
  • «Қызылорда – Павлодар» тас жолы (967-1135 км, Қарағанды қаласы - Павлодар облысы).

Қарағанды облысының ТЖД жол үстіндегі азаматтарға мынадай кеңес береді:

  • дауылды ескертулер туралы синоптиктердің ақпараттарын жіті назарда ұстаңыз;
  • үйден шыққан кезде термометр көрсеткішіне назар аударыңыз, ауа райы болжамымен танысыңыз;
  • жылы киініңіз;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • ұзақ жолға шығу жоспарынан бас тарта тұрыңыз;
  • ұзақ жолға аяқ-асты шыққан жағдайда көліктің қысқы жағдайға сай келу-келмеуін пысықтаңыз;
  • көлігіңізде отын мен жанар-жағармай материалдарының жеткілікті қоры, кілт-сайман, сүйретуге арналған құралдар болуы тиіс;
  • қозғалтқыш пен салонды жылытыңыз;
  • киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры болуы тиіс.

Ең бастысы: туған-туыстарыңызға қайда бара жатқаныңызды, жолға шыққанызды алдын ала хабарлап, ескертуді ұмытпаңыз.

Бөлісу: