Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Көктайғақ пен боранға байланысты бірқатар ауылдағы мектеп оқушылары онлайн оқиды.

Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
qyzylqoga.kz

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауылында оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды.

ШҚО Білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, 7 желтоқсанда ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда, көктайғақ пен боранға байланысты бірқатар ауылдағы мектеп оқушылары онлайн форматта оқиды.

«Күршім ауданы Төсқайың ауылындағы мектепте 1-2 ауысымның 1-11 сынып, Самар ауданы Амангелді ауылындағы мектепте 1-9 сынып, Күршім ауданы Барақ Батыр, Шанағаты ауылдарындағы және Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы орта мектепте 1-4-сынып оқушылары мектепке бармайды», - делінген ақпаратта.