«Көп күткен бақыт»: Блогер Фариза Төреәлі сәбилі болды
Блогер көптен күткен қуанышын бөлісті.
Блогер Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде жақсы жаңалығын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз көп күткен бақыт... Біз көп тілеген бақыт. Раббымыз бұл сезімдерді сезінуді бұйыртты. Шексіз мадақтар менен мақтаулар болсын! 9 ай бойы жүктілігімді көпшіліктен жасырып келдім, себебі тіл-көзден барынша сақтандым. Алла қалап дүниеге сәби алып келіп бәрін сезініп бастағанымыз сол еді артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар орын алды. Жақындарымыздың бәрі дайындалып, роддомнан шығаруға ұшып келіп, дәл выписка күні анализдер нәтижелері болмай шығармай қойған еді. Бірнеше күндерден соң толық тексеріс керек екендігін, содан соң диагноз қойылатынын айтып шығуға рұқсат берді. Ұзақ күткен бақытты күнімізде солай қалай қуанарымызды білмей қалдық, түрлі сезімдер ойнап жатты», - деп жазды блогер.
Ол ем алуға Түркияға бару үшін 7 күндік баласын қалдырып кетуге мәжбүр болған.
«Енді ғана босанған әйел үшін түрлі-түрлі эмоцияларды бастан өткізу оңай болмады, әсіресе қиынға соққаны бөпемді қалдыру... Ең бастысы бәрі артта қалып оңынан реттелді. Сіздермен қуанышпен бөлісіп, сәби дауысын аңсап жүрген әр отбасыға шын жүректен жұғысты болсын дегіміз келеді! Дәл қазір бөпеміздің жанынында аман-есен отырған әр минутымыз үшін шүкір етіп отырмыз», - деп жазды ол.