Еңбек етуге жағдай жасауды талап еткен Италия дәрігерлері ереуілге шықты
Олар үкіметтің еңбек шартын жақсартуға көбірек қаражат салғанын қалайды және зейнетақыны қысқартуға қарсы.
Еңбек етуге жағдай жасауды талап еткен Италия дәрігерлері мен медицина саласының қызметкерлері ереуілге шықты. Наразылық акциясына Италияның барлық аймағындағы медицина қызметкерлерінің 80%-ы қатысқан. Келесі ереуіл желтоқсан айының соңына жоспарланып отыр. Бұл туралы euronews.com жазды.
Қолайсыз ауа райына қарамастан, жүздеген дәрігер мен медбике сейсенбіде Римнің орталығында еңбек жағдайына байланысты ереуілге жиналып, денсаулық сақтау саласына қатысты қабылданған кейінгі шешімдерге қарсы шықты. Олар өздерін "ұмытылған қаһармандар" деп атады.
Олар үкіметтің еңбек шартын жақсартуға көбірек қаражат салғанын қалайды және зейнетақыны қысқартуға қарсы.
Көптеген адамдар дәрігер болу тек жұмыс емес, кәсіп деп санайды. Олар пациенттер артық жұмыстарына тағы ақша төлеуі керек деп есептейді.