Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлеріне қосымша зейнетақы төлейді

Ереже кезең-кезеңімен жүзеге асады.

Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлеріне қосымша зейнетақы төлейді
Фото: uralskweek.kz
1021

Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлеріне қосымша зейнетақы төлейді, деп хабарлады  turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл салымшылардың зейнетақы табысын арттыруға септігін тигізеді деп отыр. Яғни, ай сайынғы 10 пайыздық жарнадан бөлек, кәсіпкерлер жұмысшыларына өз есебінен 5% мөлшерде зейнетақы жарнасын аударуы тиіс.

Ереже кезең-кезеңімен жүзеге асады. Зейнетақы қорына аударылатын сома ең төменгі жалақы мөлшерімен есептеліп, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары