«Тапаншамен қорқытқан»: Алматыда жас жігіт танысынан ақша бопсалаған

Күдікті 22 жастағы А.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тапаншамен қорқытқан»: Алматыда жас жігіт танысынан ақша бопсалаған
ашық дереккөз
747

Алматыда 22 жастағы жігіт танысынан жарты миллион теңге бопсалаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ақшаны алу үшін азамат қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан.

«23 жастағы жергілікті тұрғын арыз түсірді. Қыздың жаңа танысы оның үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап еткен. Әйтпесе оны және сіңлісін оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақшаның жоқтығын айтып, ақталған. Сол кезде азамат жәбірленушіні телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Қарсылыққа жауап ретінде ол пәтердің еденіне бір рет оқ атқан. Т.есімді азамат қорыққаннан танысының талаптарын орындап, оған ломбард берген 235 мың теңгені табыстаған. Бойжеткен 2,5 аптадан кейін полицияға көмек сұрап жүгінген. Кеше кешке күдікті ЭҚкБ-дағы әріптестері мен патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Оның қасында бірнеше ер адам болған, олардың жеке басының заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы міндетті түрде тексерілетін болады», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

Күдікті 22 жастағы  А.есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 194 бабы (Бопсалау) бойынша сараланған. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Серіктес жаңалықтары