Бақыт Сәрсекбаев қазақ пен өзбек боксының қандай айырмашылығы бар екенін айтты

Сәрсекбаев Өзбекстан тумасы, ол ұзақ уақыт сол елде жаттыққан.

Бақыт Сәрсекбаев қазақ пен өзбек боксының қандай айырмашылығы бар екенін айтты
Фото: 1bol.kz
2640

Бокстан Пекин олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақ пен өзбек боксының айырмашылығын, отандық бокс саласындағы кемшіліктерді айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кету керек, Сәрсекбаев Өзбекстан тумасы, ол ұзақ уақыт сол елде жаттыққан.

«Қазақ стилі КСРО кезінде қалыптасқан. Біздің бокс стилі – техникаға негізделген, ойнап жүріп ұруға үйретеді. Ал, өзбек стилі керісінше, ол жақта қара күшке басымдық береді. Олар ауыр соққылар жасауға машықтанады. Менен кейде сұрап жатады, «қазақ боксының кейбір элементтерін Өзбекстан пайдаланып жатқан жоқ па?» Деп. Жоқ, олай емес. Олардың стилі мүлдем басқа», - деді Сәрсекбаев «Дядя Ваня» Telegram-каналына берген сұхбатында.

Оның сөзінше, дәл қазіргі сәтте Өзбекстан боксшылары қазақ боксшыларынан кәсіби тұрғыда әлдеқайда мықты. Сондықтан, біздің ұлттық құрамаға біраз өзгерістер еншізу керек деп есептейді Олимпиада чемпионы.

«Ақтала беруді қою керек, қашанғы сылтау айта береміз?! Біздің бапкерлердің көбі сынды қабылдай алмайды, ренжіп қалады. Сыннан сабақ алып, тиісті жұмыс атқаруы керек», - деді Б.Сәрсекбаев.

 

Серіктес жаңалықтары