2091
Қызылорда облысында алып сәби дүниеге келді
Білікті дәрігерлер алып сәбиді кесарь тілігі отасы арқылы босандырып алды.
Қызылорда облыстық перинаталды орталығында салмағы 5 келі 600 грамм болатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz.
Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 23 қараша күні салмағы 5600,0 гр., бойы - 57 см. ұл бала дүниеге келді.
«Батыр баланы 37 жастағы Жаңақорған ауданының көпбалалы анасы Айгуль Дуисебаева жүктіліктің 42 апта 2 күнінде өмірге әкелген. Бөбек анасының сегізінші перзенті екен. Алып сәбиді ата-анасы Қанағат деп атады», – делінген хабарламада.
Білікті дәрігерлер алып сәбиді кесарь тілігі отасы арқылы босандырып алды. Қазір батыр бала да, оның анасы да өздерін жақсы сезінуде. Тек алып салмақпен туылған сәбиге ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалау қажет дейді мамандар.