"Кальмар ойыны": реалити-шоу қатысушылары Netflix пен продюсерлерді сотқа бермек

Netflix кейбір ойыншылардың медициналық көмекке жүгінгенін мойындайды, бірақ денсаулыққа қатты зиян келмегенін де айтып өтті.

"Кальмар ойыны": реалити-шоу қатысушылары Netflix пен продюсерлерді сотқа бермек
сурет: hollywoodreporter.com / Netflix

Былтыр танымал болған "Кальмар ойыны" сериалының желісімен түсіріліп жатқан реалити-шоуға қатысушылар Netflix пен продюсерлерді сотқа бермек. Бұл туралы Guardian басылымы жазды. 
 
Бас жүлде – 4,5 миллион долларға үміткер екі қатысушы стриминг сервисін "қызыл жарық, жасыл жарық" сынағын түсіру кезінде температураны реттемеді деп айыптайды. Павильонда -3 градус болған, ал қатысушылар байқау талабына сай ұзақ уақыт бойы бір орыннан қозғалмаған.  
 
Netflix кейбір ойыншылардың медициналық көмекке жүгінгенін мойындайды, бірақ денсаулыққа қатты зиян келмегенін де айтып өтті.