Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.40-та Н.Назарбаев даңғылы 236-үй жанында болды.
«Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына тас құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр.