Павлодарлық ер адам қызын зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр

Әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған

Павлодарлық ер адам қызын зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр
Ашық дереккөз

Павлодарда туған қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адам іздестірілуде. Зардап шегушінің айтуынша, бұл жағдай бірнеше жыл бойы қайталанған, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция.

Ведомство мәліметі бойынша, барлық аумақтық полиция басқармасына, сондай-ақ облыс пен еліміздің шекара қызметтеріне ақпарат жіберілген.

«Қыздың анасының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазады басылым.

Жәбірленушініңайтуынша, әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Алайда олар бұған дейін полицияға хабарласпаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.