Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың мәйіті табылды

Кәріз құдығына құлап кеткен баланың мәйіті сыртқа шығарылды

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың мәйіті табылды
ТЖД
1329

Қызылорда қаласында абайсызда қалалық кәріз құдығына құлап кеткен сегіз жасар баланың мәйіті сыртқа шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін, 25 қарашада сағат 13.24-те Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына хабарлама келіп түскен.

«Онда облыс орталығындағы Балқы базар көшесі бойында орналасқан №5 емхананың жанында жасөспірім абайсызда қалалық кәріз құдығына түсіп кеткені айтылған. Сағат 18:00-де құтқарушылар күшімен 2015 жылғы баланың мәйіті кәріз құдығынан табылып, сыртқа шығарылды. Оқиға орнында департаменттің 18 қызметкері 5 техникамен жұмыс жасады. Сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының филиалы, Полиция департаменті, «Қызылорда су жүйесі», жергілікті атқарушы орган мамандары қызметін атқарды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары