Айтыс – ұрпақтан ұрпаққа жеткен қастерлі ұлт өнері

Елімізде «Алтын домбыра» республикалық айтысы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді.

Айтыс – ұрпақтан ұрпаққа жеткен қастерлі ұлт өнері
2266

Жаһандану дәуірінде ұлт болмысын, оның дара дәстүрін, қаймағы бұзылмаған төл өнерін сақтап қалу оңай емес. «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасында да ұлттық өнеріміз кеңінен насихатталып, оған жан-жақты жағдай жасалатыны айқын жазылған.

Жыл сайын партия айтыс өнеріне ерекше қодау білдіріп келеді және төл тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларды әрі қарай да жалғастыра береді.

Былтыр Астанада жыр аламаны ел егемендігі мен ұлт тұтастығына арналса, ал биыл «Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы қарапайым еңбек адамдарына арналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының мәртебесін көтеруді үнемі айтып келеді. Айта кету керек, Президент Республика күні қарсаңында 700-ден астам қарапайым еңбек адамын мемлекеттік наградамен марапаттаған болатын. Бұл – адал да табанды еңбегімен Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп келе жатқан азаматтарымызға деген құрмет.

Жыр аламанында өнер көрсеткен 16 ақын еңбек адамының абыройын асқақтатып, олардың ел дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлесін жырға қосты. 

Биыл «Алтын домбыра» иегері кіл мықтылардың ішінен суырылып Мақсат Аханов атанды.

Айта кетейік, «Алтын домбыра» республикалық айтысы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында саяси ұйымның тікелей қолдауымен елімізде 100-ге жуық республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары