1061
Алматы облысында аудан әкімі жауапкершілікке тартылды
Мониторинг кезінде әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған маманды жұмысқа қабылдағаны анықталған.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Мониторинг кезінде әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған маманды жұмысқа қабылдағаны анықталған. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу саналады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы).
Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Істі қарау барысында шенеунік кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде әкімге 50 МРП көлемінде айыппұл салынды, деп мәлімдеді агенттік.