Қытайда жаңа инфекция таралып жатыр ма? – ДДҰ жауап берді

ДДҰ Қытай билігінен аурудың таралуы туралы қосымша ақпарат сұраған.

Қытайда жаңа инфекция таралып жатыр ма? – ДДҰ жауап берді
Сурет: Andy Wong/AP/dpa/picture alliance

Қытайда респираторлық инфекция жұқтыру деңгейі күрт өсті. ДДҰ мұны күннің суытуы және елдегі антиковидтік шектеулердің кеш алынуымен байланыстырды.

Қытайда "жаңа" немесе "ерекше" респираторлық инфекция анықталған жоқ. "Қытайда жаңа инфекция таралып жатыр" деген ақпараттан соң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады.

ДДҰ Қытайдан айналымдағы тұмау, SARS-CoV-2, RSV және микроплазмалық пневмонияның тенденциялары туралы қосымша ақпарат сұраған болатын.

Айта кетейік, қытайлықтар биылғы күзді бірінші рет коронавирусқа қарсы шектеулерсіз қарсы алып отыр.