495
Алматыда қамқоршы күніне орай шара өтті
Алматыда қамқоршы күніне орай шара өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттерге білім мен қоса тәлім-тәрбиеге үлкен мән беріп, келешекте қоғамымызға, мемлекетімізге адал да білікті маман дайындауда барынша жұмыла атсалысатыны белгілі. Ол бойынша түрлі қоғамдық жұмыстар тек университет көлемінде емес, жалпы қоғам бойынша атқарып жүрген жұмыстарының жан-жақты екенін атап өткен жөн.
Филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жанынан құрылған «Мұрагер» еріктілер қозғалысы соңғы жылдары өз жұмыстарын Алматы қалалық мамандандырылған «Жанұя» кешеніндегі балалармен түрлі мерекелік шара ұйымдастырып, балалармен қарым-қатынаста және мұндай атқарылатын жұмыстар алдын ала жоспарланып отырады.
Алматы қалалық мамандандырылған «Жанұя» кешенінің директоры Кулсарина Л.Ә., директордың орындасарлары Б.С. Саудова мен Ж.Ш. Шапиевалармен бар атқарылатын жұмыстардың бас-аяғы мақұлданып үлкен республика көлемінде еліміздің айтулы мерекелері өз деңгейіне жетіп жатады.
«Мұрагер» еріктілер қозғалысының студенттері филология және әлем тілдері факультетінің түрлі мамандық студенттерінің (1-4 курс) мұндай шара ұйымдастырудан басқа өмірдегі өзге де тыныстан хабардар болып, келешекке деген көзқарастары мен мейірімділіктерінің арта түсері де анық.
Осы уақыт аралығында түрлі, мысалы: «Алғыс білдіру» күні, «Наурыз мерекесі», «Жаңа жыл», «Тәуелсіздік мерекесі», «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ассамблея», т.б. көптеген айтулы мерекелер мен қоса, сенбілік жүргізу, «Білім күні» мен «Соңғы қоңырау» сынды көптеген мерекелерге арналған шараларды бірге атқаруда.
Соның бір айғағы, елімізде 2-3 жыл ғана аталып жүрген «Қамқоршы күні» 29 қазанда аталып өтті.
Мамандандырылған «Жанұя» кешенінің директоры мен қызметкерлері осы мерекені дөңгелек үстел ретінде өткізуді ұйығарып, «Мұрагер» еріктілер қозғалысының жетекшілері: филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., П.Т. Медетбекова және қамқоршы ата-аналармен бірге атап өтті.
Кешеннің кітапханасында өткен шараға балалар да қатысып өз өнерлерімен керемет сезімге бөледі. Оның үстіне кітапхананы тақырыпқа сай безендіріп, тамаша слайд жасалған, атап өту керек, слайдта қамқоршы ата-налардың үйінде түсірілген көріністердің өзіндік орны да ерекше.
Мерекелік шараның жүргізушілері, кешен тәрбиешілері Г.К. Ақкемпірова мен Т.М. Шарипова осы мерекенің тарихы мен мақсаты, бүгінгі таңдағы рөлі жайында айтып, қонақтармен таныстырып өтті. «Бала дауысы», «Қазақстандағы қамқоршылар одағы» және «Әйелдер лигасының шығармашылықты қолдау» бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында 29 қазан «Қамқоршы күні» ретінде аталып өтілетіні жайында аталып өтілетінін баса айтты.
Сонымен қатар бүгінгі күні осы кешен бойынша 15 қамқоршы ата-ана мен патронаттық тәрбиешілер бар екенін, олардың біразы 2012 жылдан бері осы балалармен бірге екенін, сондай ақ, 3-4 баладан қамқорлыққа алып отырғандығы жайлы атап өтіп, дөңгелек үстелге қатысып отырғандармен таныстырып өтті.
Кешеннің директоры Кулсарина Ләззат Әскерғалиқызы мерекемен құттықтап, өз баяндамасын жасап, әрбір қатысушыға алғысын білдірді.
Шара барсыныда қамқоршы ата-аналар мен паторнаттық тәрбиешілер өз пікірлерімен бөлісіп, қаладағы өзге де балалар үйіндегі балалармен қарым-қатынасы жайында және келешекте өз қатарларының кеңейетініне сенімдерінің мол екенін білдірді.
Мектептің әлеуметтік педагогы Назым Айдарқызы өз сөзінде мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс барысындағы қиындықтар мен жетістіктері және қатысушы ата-аналардың атқарып жүрген жұмыстары жайында айта отырып, өз тілегінде шыдамдылық пен мейірімділікке жол ашқандарына ризашылығын білдірді.
Қатысушы балалардың өнерлері де тамашаланды: Музыка жетекшісі Таңатар Елдостың қазақтың қара домбырасымен сүйемелдеп, Урмақпай Ақжолдың орындауындағы «Анашым» әні; «Шапағат» фокалды топтың орындауында «Подари улыбку миру» әні және Арина Берестованың орындауындағы «Веселое настроение» әні адам өмірінің өзі мейірімділіктің дәлелі екенін анықтағандай еді.... .
Жиын соңында өнер көрсеткен балаларға, қатысушы қонақтарға деген тілектерін айта отырып, кешен балаларының өз жылы қолдарымен жасаған түрлі сыйлықтарын қамқоршы ата-аналарға, патронат тәрбиешілерге табыстады.
Екі сағатқа созылған мереке жайында көп ой түюге болады. Расында да, мұндай мерекелер дәстүрге айналып жатса, әрбір жанның жүрегінен қоршаған әлемге деген жылулық пен махаббаттың табылары анық.
Бізді қоршаған ортада, жалпы әлемде «мейірімді жандар» көп болсын!!!
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының профессоры, филол.ғ.д., Г.Б. МӘДИЕВА;
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доценті, филол.ғ.к., П.Т. МЕДЕТБЕКОВА