Алматыда 17 кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды (ВИДЕО)

Бұл қылмыс бейнекамераларға түсіп қалып, жұртшылыққа мәлім болды.

Алматыда 17 кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Алматыда 17 кәріз құдығының қақпағын ұрлаған күдіктілер бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысының үш тұрғыны құны 748 мың теңгені құрайтын 17 кәріз құдығының қақпағын ұрлап кеткен.

Бұл қылмыс бейнекамераларға түсіп қалып, жұртшылыққа мәлім болды.

«Тергеу-жедел тобы құрылды. Күдіктілер Алматы облысы Талғар ауданында ұсталды. Бұл – 1989 жылы туған К.есімді азамат, 1999 жылғы П.есімді азамат және 1987 жылы туған Р.есімді азамат. Ұсталғандардың айтуынша, олар шойындарды металл қабылдау пунктіне тапсырып, түскен ақшаны өздеріне жұмсамақ болған. Күдіктілер ұрланған мүлікті Daewoo Nexia автокөлігімен тасымалдағаны белгілі болды. Техникалық құдықтардың 17 шойын қақпағы тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.