Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Әдиев қызметінен кетуі мүмкін

Оған дейін ол бұл циклді соңына дейін өткізіп, сонымен бірге құрамадан бөлек, клубтағы қызметін де қатар алып жүре алатынын бірнеше рет айтқан еді.

Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Әдиев қызметінен кетуі мүмкін
instagram.com/kff_team
2064

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев құрамадағы қызметінен кетіп, Қазақстанның бес дүркін чемпионы – Ақтөбе командасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Кеше ұлттық құрама Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Словения командасынан сырт алаңда жеңіліп, тікелей жолдамадан қағылған еді. Оған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бас бапкердің қазақстандық бір клубқа жетекшілік етуі мүмкін екенін айтқан еді.

«Магомед Мұсаұлы Еуро-2024 іріктеу циклін абыроймен өткізді. Оған дейін ол бұл циклді соңына дейін өткізіп, сонымен бірге құрамадан бөлек, клубтағы қызметін де қатар алып жүре алатынын бірнеше рет айтқан еді. Дәлірек айтсақ, қазақстандық клубта. Енді Әдиев құрамадан босады және Қазақстанның бес дүркін чемпионының бапкерлер штабын басқаруы ықтималдығы – 99 пайыз. Мұнымен қоса, ол Қазақстан құрамасындағы қызметінен бас тартып, тек клубтағы жұмысына баса назар аударуы мүмкін», – деп хабарлады «Серый Кардинал» Telegram арнасы.

Серіктес жаңалықтары