Алматы облысында кәсіпкерге 2 миллион теңге негізсіз салық салынған

Жер қойнауын пайдаланғаны үшін негізсіз салық салынғанына шағымданған азамат агенттікке шағымданған.

Алматы облысында кәсіпкерге 2 миллион теңге негізсіз салық салынған
сурет: aikyn.kz
842

Алматы облысында кәсіпкерге 2 миллион теңге негізсіз салық салынған, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне cілтеме жасап. 

Жер қойнауын пайдаланғаны үшін негізсіз салық салынғанына шағымданған азамат агенттікке шағымданған.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға сәйкес бұл салықты жер қойнауын пайдаланушылар ғана төлейді. Кәсіпкер тек жер қойнауын сатып алып, оларды одан әрі сатумен айналысқан, яғни жер қойнауын пайдаланушы санатына жатпайды.

Бизнес субъектісі аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына бірнеше рет жүгініп, нәтижеге қол жеткізе алмады. Департаменттің араласуынан кейін салықты төлеу туралы негізсіз хабарлама жойылды. Кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп мәлімдеді агенттік.
 

Серіктес жаңалықтары