Ақтау білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады.

Ақтау білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді
azattyq-ruhy.kz
934

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкереленді.

«Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктелуде», – делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары