Ақтөбе-Орынбор тасжолында үш адам қаза тапты

Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан.

Ақтөбе-Орынбор тасжолында үш адам қаза тапты
Polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты.

19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тасжолының 7-шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды.

Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.