Кэмбридж ғалымдары 250 жыл бұрын жазылған хаттарды оқыды

Бұл хаттарды теңізшілерге отбасы мен туған туыстары жазғаны анықталды.

Кэмбридж ғалымдары 250 жыл бұрын жазылған хаттарды оқыды
Сурет: Рено Морье / euronews.com
665

XVIII ғасырда француз теңізшілеріне жазылып, иесіне жетпеген хаттар екі ғасырдан астам уақыт өткен соң ғана ашылып, зерттелді, деп хабарлайды turkystan.kz theguardian.com-ға сілтеме жасап.

XVIII ғасырдағы Ұлыбритания мен Франция арасындағы жеті жылдық соғыс кезінде француз теңізшілеріне жолданған, бірақ жетпеген хаттарды Кембридж университетінің профессоры оқыған. Хаттар 250 жылдан астам уақыт мұрағатта жатыпты.

Бұл хаттарды теңізшілерге отбасы мен туған туыстары жазғаны анықталды. 

"Мен бұл хаттарды жазылғаннан бері оқыған алғашқы адам екенімді түсіндім. Бұл хаттар өз иесіне жетпеді. Бұл өте көңіл толқытатын оқиға болды", дейді Кэмбридж университетінің профессоры Рено Морьё.


 

Серіктес жаңалықтары