Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

Оқыс жағдай15 қараша күні қаладағы Шәкәрім даңғылында болған.

Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті
Ашық дереккөз

Өскемен қаласында ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті.

Оқыс жағдай15 қараша күні қаладағы Шәкәрім даңғылында болған.

Асфальт үстінде қимыл-қозғалыссыз жатқан ер адамды байқаған куәгерлер полицияға шұғыл хабар берді.

Алдын ала деректерге сәйкес, азамат екіқабатты тұрғын үйдің шатырында өлшеу жүргізіп жатқанда абайсызда құлап түскен.

"Қазір бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. 31 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.