Ақмола облысында ер адам төлем терминалын қателесіп телефон деп ұрлап кеткен
Залал сомасы 68 212 теңгені құрады
Ақмола облысында ер адам төлем терминалын қателесіп телефон деп ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Атбасар қаласының полиция бөліміне жеке кәсіпкердің өтініші келіп түсті.
Әйел 12 қарашада кешкі сағат 19:30 шамасында дүкен сөресінен белгісіз адам төлем терминалын ұрлап кеткенін хабарлады.
«Залал сомасы 68 212 теңгені құрады. Ұрлық сәті камераға түсіп қалған. Жазбада сатып алушы сатып алу пакетіне бүктеліп, сатушының жанындағы есептегіште жатқан жасыл қаптамадағы терминалды алып жатқанын көруге болады», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жақын маңдағы ауылдардың бірінің 36 жастағы тұрғыны ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады.
«Ер адам құрылғыны үлкен телефон деп қателесіп, оны сатқысы келгені белгілі болды», – делінген хабарламада.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.