Қауіпті орындарда жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем төленеді

Азамат арнайы әлеуметтік төлем алып, зиянды жұмыстан кету немесе қалу мәселесін өзі шешеді.

Қауіпті орындарда жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем төленеді
сурет: gov.kz
658

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың бірлестік құру бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Онда үш құрылтайшымен қоғамдық бірлестік  құруға мүмкіндік беру, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктер мәртебесін айқындау, қоғамдық бірлестіктер құруды құқықтық реттеу секілді нормалар ұсынылады.

Сонымен қатар әлеуметтік кодекске еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу жөніндегі нормалар да енгізілді. Бұл төлем қызметкер 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, азамат  зиянды жұмыстардағы қызметін тоқтатқан кезде төленеді.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен байланысты азамат арнайы әлеуметтік төлем алып, зиянды жұмыстан кету немесе қалу мәселесін өзі шешеді.

Сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша нормалар ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары