Түркістан облысындағы цемент зауытында жұмысшы қаза тапты

Ер адам толығымен күйіп қалған, ол алған дене жарақаттарынан естен танып, ауруханада жан тапсырды.

Түркістан облысындағы цемент зауытында жұмысшы қаза тапты
Otyrar.kz
804

Сазтөбе ауылында цемент зауытында жұмысшы қаза тапты. Дәрігерлер аман қалған екі адамның өмірі үшін күресуде.

Otyrar порталының ақпаратына сәйкес, қаза тапқан ер адам - 52 жастағы Александр Боуш. Ер адам толығымен күйіп қалған, ол алған дене жарақаттарынан естен танып, ауруханада жан тапсырды.

"Күйеуім қайғылы жағдайға тап болды, біз қатты шошып кеттік. Ол онда слесарь болып 6 жыл жұмыс істеді", – дейді марқұмның әйелі.

Александрдың әріптестері қазір ауруханада өте ауыр жағдайда. Оларды да қатты күйік шалған.

- 100 және 70% ауыр күйік алды. Науқастардың жағдайы ауыр, - деді Сайрам аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ерғали Әлімбаев.

Төтенше жағдайға не түрткі екендігіне қатысты кәсіпорындағылар түсініктеме бермеді. Полиция тергеуді бастады. Тергеу шаралары Түркістан облысы Полиция департаменті мен прокуратура басшылығының жеке бақылауында.

"Sas-Tobe Technologies" ЖШС цехында өрт шыққаны, соның салдарынан үш жұмысшы түрлі дәрежедегі күйік алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тіркелген. Қылмыстық іс аясында бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді Түркістан облысы ПД.

Серіктес жаңалықтары