Қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушылар онлайн оқуы мүмкін

Қызылшамен ауырғандардың 60%-ы – екпеден бас тартқандар.

Қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушылар онлайн оқуы мүмкін
© Sputnik / Абзал Калиев
613

Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушыларды қашықтан оқуға жіберуді ұсынып отыр, деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда білім мекемелеріне барып жүрген балалар арасында қызылша жұқтыру фактілері тіркелген. Қазіргі ахуал бойынша, республикада карантинге жабылған мектеп жоқ. Білім ұжымдарында аурудың таралуын болдырмау үшін қызылша жұқтырғаны дәлелденген науқастармен байланыста болған, қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушыларды онлайн оқуға жіберу ұсынылады», – дейді министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласындағы мектеп басшылығы қызылшаның көп тіркелуіне байланысты екпе алмаған балаларды онлайн оқуға жіберу жөнінде шешім қабылдаған.

«Қызылшамен ауырғандардың 60%-ы – екпеден бас тартқандар. Осыған байланысты баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналармен түсіндіру жұмысы күшейтілді. Бүгінгі таңда 9 мыңдай бала жоспарлы алдын алу екпесін алмаған. Қазір олармен вакцинаның маңызы туралы түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстың арқасында биыл 3 мыңнан астам бала екпе алды», – деп жазылған жауапта.

Серіктес жаңалықтары