«Қолжетімді спорт» жобасы: Астанада жаттығулар қайта басталды

Жаттығу қаланың барлық тұрғынына бес спорт түрінен қолжетімді болады.

«Қолжетімді спорт» жобасы: Астанада жаттығулар қайта басталды
Астана әкімдігі
598

Астанада «Қолжетімді спорт» жобасы қайта басталд. Оның аясында спорттың бес түрі бойынша тілек білдірушілердің бәріне жаттығулар қайта жанданды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жаттығу қаланың барлық тұрғынына бес спорт түрінен қолжетімді болады: үстел теннисі, скандинавиялық жүріс, жүгіру, каратэ және фитнес. Оларды аптасына екі рет елорданың саябақтары мен спорт орталықтарында білікті жаттықтырушылар мен нұсқаушылар өткізеді.

Жаттығу кестесі жобаның @dostupnyi_sportkz Instagram парақшасында, сондай-ақ @dostupnyi_sportkz Telegram арнасында ұсынылған.

«Қолжетімді спорт» жобасы алғаш рет 2021 жылдың қазан айының басында Астанада басталған. Ол елорданың 20 000-ға жуық тұрғынын қамтыды.

2022 жылдың сәуір айынан бастап жоба Қазақстанның 7 қаласында: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Семей, Петропавл, Талдықорған қалаларында жүзеге асырылды.

2022 жылдың қазан айының соңына дейін «қолжетімді спорт» бағдарламасы бойынша 180 мыңнан астам адам жаттығады.

2023 жылы жоба 13 қараша басталады.

Серіктес жаңалықтары