«9 күнге 6 миллион алдым»: Актриса Дариға Бадықова ​«Келінжаннан» түскен табысы туралы

«Продюсерлердің ішінде Гүлнұр Мамасарипова жақсы төлейді»

«9 күнге 6 миллион алдым»: Актриса Дариға Бадықова ​«Келінжаннан» түскен табысы туралы
instagram.com/dariga_badykova

Актриса, кейінгі кезде продюсер ретінде танылып жүрген Дариға Бадықова журналист Асхат Садырбайдың «Парадокс» жобасына сұхбат бергенде «Келінжан» жобасынан қанша табыс тапқанын айтты.

«Жақсы табамын. Мен осы жерде айтайын, продюсерлердің ішінде Гүлнұр Мамасарипова жақсы төлейді. Еңбегіңді жемейді. Келіскен бағаңды береді. Екі ортада мәміле болады ғой», – дейді актриса.

Сондай-ақ ол «Келінжан» жобасына түскені үшін нақты қанша сома алғанын ашып айтты.

«Акордно деген бар. 7 күнге осындай, 9 күнге осындай сома деген. Осы жолы 9 күнге 6 миллион алдым», – дейді актриса.