«Маған жеңісті бермеді»: Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткені туралы

Жалғас Жұмағұлов UFC-де 1 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген болатын.

«Маған жеңісті бермеді»: Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткені туралы
©ufc.com
2911

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Naiza TV-ге берген сұхбатында UFC-де өнер көрсеткен кезі туралы айтып берді.

«Мен UFC-ге 32 жасымда келдім және мені жастарға қарсы шығара бастады. Кей кездері мен алдыңғы шепте болдым, оларды жеңдім, алайда маған жеңісті бермеді. Онда көбіне кім жас, кім келешегінен үміт күттіреді – соған қарайды. Әрі соларға ары қарай қимылдауға мүмкіндік береді», – дейді спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов (14-9) биыл шілде айында UFC-ден шығарылған болатын. Спортшы UFC-де 1 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген болатын. Соңғы жекпе-жегінде америкалық Джошуа Вануға (8-1) есе жіберген еді.

Серіктес жаңалықтары