Өскемендік бойжеткен құрбыларының атынан 9 млн теңге несие алған

23 жастағы қала тұрғыны полицияға жүгінген.

Өскемендік бойжеткен құрбыларының атынан 9 млн теңге несие алған
Фото: pixabay.com
901

Өскеменде құрбыларының атынан 9 млн теңге несие рәсімдеген бойжеткен ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 23 жастағы қала тұрғыны полицияға жүгінген.

«Құрбым мені алдап соғып, 3 200 000 теңгеден астам сомаға онлайн несие ресімдеген. Мен мұны білген жоқпын, тек банк қызметкерлері қоңырау шалғанда ғана таныстым қарызыммен», - деген жәбірленуші. 

Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде 22 жастағы күдікті ұсталып, бөлімшеге жеткізілді. Тергеу барысында қыздың осыған ұқсас тағы 2 алаяқтық жасағаны анықталды.

«Ол екі құрбысынан қоңырау шалып алу үшін ұялы телефонын сұрап, кейін банк қосымшасы арқылы 1 және 5 млн теңгеге несие рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп жазды ШҚО полициясы. 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары