Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі тексерілді

Жатақханалардың ғимараттары қауіпсіздік нормаларына сай бейімделмеген

Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі тексерілді
astanatv.kz

13-17 қараша аралығында ТЖМ ІІМ-мен бірлесіп «ЖАТАҚХАНА» профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, соңғы жылдары жатақханаларға қайта жабдықталған жеке тұрғын үйлер мен коттедждер санының өсу үрдісі байқалады. Әсіресе бұл жағдай Астана, Алматы және Шымкент қалаларына тән.

«Осының салдарынан өрттердің туындау қаупі бірнеше есе артты. Себебі мұндай жатақханалардың ғимараттары қауіпсіздік нормаларына сай бейімделмеген. Мәселен, жыл басынан бері аталмыш жерлерде 15 өрт тіркелген», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталмыш жұмысқа мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен қоғам өкілдері тартылатын болады.

Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтардың барлық фактілері туралы «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлау қажет.