Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлады turkystan.kz Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-ші атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде", — делінген хабарламада.