10 жыл бойы Сирияда террористік топтар құрамында болған қазақстандық елге жеткізілді

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды

10 жыл бойы Сирияда террористік топтар құрамында болған қазақстандық елге жеткізілді
ҰҚК баспасөз қызметі
1024

Кеше ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған қазақстандықты Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі болды.

Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болған.

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр. 

Ерікті түрде берілу дерегі тергеу барысында ескерілетін болады.

Серіктес жаңалықтары