Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз
1587

Синоптиктер 11-13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Атлантикалық циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қарашада жауын-шашын көп жауады және күн жылы болады деп күтіледі.

Батыстан шығысқа ауысатын циклон өз жолында қатты жауын-шашын әкеледі: түнде жаңбыр мен қар түрінде, күндіз негізінен жаңбыр түрінде, 11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстігінде, 13 қарашада елдің оңтүстігінде-шығысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауады. 12 қарашадан бастап антициклонның екпіні батысқа қарай тарай бастайды, жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 8-18 градус Цельсийге дейін көтеріледі деп күтіледі. 

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды.

Серіктес жаңалықтары