Астанада әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 10 қарашада болған. Астана полиция департаменті бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
«10 қарашада «102» арнасына Тілендиев даңғылындағы терезеден әйелдің құлап кеткені туралы қоңырау келіп түсті, ол алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды», – делінген полиция хабарламасында.